Олжас Бектенов: телекоммуникациялық инфрақұрылым «Digital Qazaqstan» стратегиясын жүзеге асыру үшін негіз қалауы тиіс

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» Жолдауында қойылған цифрлық экономиканы дамыту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде телекоммуникациялық инфрақұрылымды пайдалану тиімділігін арттыру және заманауи технологиялық шешімдерді кеңінен енгізу қажеттігін атап өтті.

«Бүгінде операторлар байланыс желілерін белсенді түрде кеңейтіп жатыр. Алайда салынған инфрақұрылымның мүмкіндіктері толық көлемде пайдаланылмай отыр. Жасанды интеллект базалық стансалар арасындағы жүктемені неғұрлым тиімді бөлуге, шамадан тыс жүктемелердің алдын алуға және пайдаланушылардың белсенділігі ең жоғары кезеңдерде де интернеттің тұрақты жылдамдығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мұндай технологияларды енгізу азаматтар үшін нақты нәтиже беруі қажет. Атап айтқанда, тұрғын аудандарда, қоғамдық орындарда және адамдар көп жиналатын нысандарда байланыс сапасы жоғары болуға тиіс. Сондықтан байланыс операторлары жекелеген пилоттық жобалармен шектелмей, барынша тиімді шешімдерді кеңінен қолдануы керек», — деп атап өтті Олжас Бектенов Үкімет отырысында. 

Осыған байланысты Премьер-министр Жасанды интеллект министрлігі үш ай мерзімде телекоммуникациялық желілерде жаңа технологияларды енгізу мен ауқымын кеңейтудің тиісті жоспарын бекітуді тапсырды. 

«Жалпы, телекоммуникациялық инфрақұрылым озық қарқынмен дамып, «Digital Qazaqstan» стратегиясын жүзеге асыру үшін негіз қалауға тиіс. Жұмыстың басты нәтижесі – азаматтар, бизнес және мемлекеттік сервистер үшін олардың орналасқан жеріне қарамастан сенімді әрі сапалы байланысты қамтамасыз ету. Мемлекет пен байланыс операторларының күш-жігері дәл осы мақсатқа бағытталуы тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Жалпы бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке жүктелді.

Фото: primeminister.kz

14
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023