Мектептерде ЖРВИ-мен сырқаттану деңгейі 20%-дан асатын сыныптар тіркелген жоқ

Мектептер мен балабақшаларда инфекциялардың таралуына жол бермеу шараларына да ерекше назар аударылады. Атап айтқанда, балалардың сабаққа қатысуы күнделікті бақыланып, таңертеңгілік сүзгі жүргізіледі. Ауру белгілері бар балаларды сабаққа жібермеу, сондай-ақ сырқаттану белгілері пайда болған жағдайда ата-аналары келгенге дейін оларды уақытша оқшаулау көзделген.

«Бүгінгі таңда республика бойынша жалпы білім беретін ұйымдарда ЖРВИ-мен сырқаттанушылық деңгейі оқушылардың жалпы санының 20%-ынан асқан бірде-бір сынып немесе мектеп тіркелмеген. Осыған байланысты шектеу шараларын енгізуге, оның ішінде оқушыларды қашықтан оқыту форматына ауыстыруға және кабинеттік оқыту жүйесінен бас тартуға негіз жоқ», – деді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сондай-ақ спикер ауру белгілері бар бала үйде қалуға тиіс екенін атап өтті.

«Инфекция белгілері бар бала мектепке немесе балабақшаға барған кезде сыныптастарына, балабақша тәрбиеленушілеріне, педагогтерге және олардың отбасы мүшелеріне, соның ішінде қарт туыстарына инфекция жұқтыруы мүмкін. Сондықтан ата-аналарды ауру белгілері бар балаларды білім беру ұйымдарына жібермеуге шақырамын», – деді С.Бейсенова ата-аналарға жасаған үндеуінде.

2
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023