Энергетика министрлігі, «Атамекен» ҰКП және «Қазақтелеком» АҚ-мен (Бірыңғай оператор) бірлесіп мотор майларын сәйкестендіру құралдарымен таңбалау және қадағалау бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. Мотор майларын цифрлық таңбалау бойынша пилоттық жобаны іске қосу 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Энергетика министрінің бұйырығымен жүзеге асырылды. Іске асыру мерзімі – 2025 жылдың 1 ақпанына дейін.
Пилоттық жобаға нарықтың барлық қатысушыларын – өндірушілер мен импорттаушылардан бастап көтерме-бөлшек сауда сегментіндегі компанияларды қосу жоспарлануда.
Пилоттық жобаның негізгі мақсаттары:
мотор майлары нарығында адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;
тұтынушылар үшін мотор майларың шығу тегі туралы ақпараттың айқындылығы мен сенімділігін жақсарту;
өнім айналымын бақылау және контрафактілік өніммен күресу тиімділігін арттыру;
отандық өндірісті дамытуға және мотор майлары саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жәрдемдесу;
ЕАЭО-дағы трансшекаралық сауда шеңберіндегі кедергілерді жою.
Мотор майларын таңбалау және қадағалау жөніндегі пилоттық жоба өндірушіден соңғы тұтынушыға дейінгі барлық жолда өнімді сәйкестендіру және қадағалау үшін пайдаланылатын арнайы таңбалау кодтарын енгізуді көздейді.
Бұл тәсіл тиімді жүйелік бақылауды орнатуға және мотор майларының сапасы мен қауіпсіздігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 2023 жылғы желтоқсанда Бірыңғай оператор Павлодар, Семей және Шымкенттегі үш ірі отандық май өндірушілердің өндірістік алаңдарын зерттеу бойынша іс-шаралар өткізді. Шығу шеңберінде пилоттық жобаға қатысушылардың логистикалық, сауда процестері және пайдаланылатын ақпараттық жүйелері зерделенді.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023