2027 жылдан бастап елдегі әрбір екінші медициналық колледжде көшпелі мониторинг жүргізіледі

Қазақстанда орта буын медицина мамандарын даярлау сапасына мемлекеттік бақылау күшейтілуде.

2026 жылы алғаш рет ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтау саласындағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру (ТжКББ) ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекітті. Жаңа қағидаларға сәйкес оқу орындарына міндетті түрде барып тексеру көзделген.

2026 жылы аттестаттаумен 4 медициналық колледж қамтылды. Оның екеуінде тексеру жұмыстары жүргізіліп үлгерді.

2027 жылы еліміздегі 50 медициналық колледж мемлекеттік аттестаттаудан өтеді. Комиссиялар оқу орындарына барып, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына (МЖМС) толық сәйкестігін 10 бағыт бойынша бағалайды.

Көшпелі аттестаттау барысында колледждердің материалдық-техникалық базасы, оқу процесінің ұйымдастырылуы, симуляциялық орталықтардың жабдықталуы және кадрларды даярлау сапасы бағаланады.

Бүгінде республикада 100 медициналық колледж жұмыс істейді. Оның 22-сі – мемлекеттік колледждер. Олар медицина кадрларын даярлаудың негізгі тірегіне айналып, жекеменшік білім беру ұйымдары үшін де сапа стандарттарын қалыптастыруы тиіс.

15
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023