Әлеуметтік желіде 2016-2026 жылдардағы кезеңге қатысты тренд жүріп жатыр.
Танымал әнші Ерке Есмахан 10 жыл бұрын шығармашылығының қалай дамығанын айтты.
"2016 жыл. Әлі хит әнім жоқ. Бірақ қалайда жұлдыз боламын деп жүрген кезім. Баян Мақсатқызының қасынан қалмайтын едім. Үйіне барып алып, "Қашан жұлдыз боламын?" деп жылайтынмын", – деді әнші.
Өнер иесі жұлдызын жаққан жылдарды да есіне алды.
"Сонымен 2017 жылы "Қайда" әні шықты. Өзімнің жекеменшік хитім. Содан бері өзімдікін бермей келемін. 2017-2026 жылдардағы өміріме өздерің куәсіңдер. Алла ұзақ ғұмыр берсін!", – деп жазды Ерке Есмахан.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023