"Жыл сайын 1 миллион доллар мәһр": Блогер Мадлен өзіне тоқал болуға ұсыныс жасалғанын айтты

Ол – еліміздегі оқырманы көп блогерлердің бірі.

Мадлен лақап атымен танылған блогер Мадинахон Мамадалиева жеке өміріне қатысты сұраққа жауап беріп, оқырмандарымен сырласты. Оқырмандарының бірі блогерден блогерліктен басқа қандай мамандық иесі болғысы келетінін сұрады.

“Әрине, тоқал болар едім! Ойнап айтамын”, – деп әзілдеді ол. Одан кейін жеке өмірінде екінші әйел болуға ұсыныс түскенін де жасырмады.

“Жақында бір ер адам ұсыныс жасады. Бірақ ол Қазақстанда тұрмайды. Танысым. Оны мың жылдан бері танимын. Қалталы жігіт, жасы да үлкен емес. Жыл сайын 1 миллион доллар мәһр беріп, екінші әйел болуды ұсынды. Бұл қалжың емес. Мен бас тарттым. Мен үшін біреудің көлеңкесінде, екінші қатарда жүру – абырой емес. Мен одан да жақсыға лайықпын”, – деп жазды ол.

мадлен.jpg

23
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023