Жыл бойы өнім алуды қамтамасыз ету үшін жылыжай кешендері мен сақтау қоймалары көбейтілуде

Алматы облысы ауыл шаруашылығы саласында 9,6% үлеспен республикада 3-орында. Марат Сұлтанғазиевтің сөзінше, өңір өрік, алма, алмұрт және т.б. дақылдарды өсіру бойынша алғашқы үштікке кіреді.

«Жыл бойы өнім алуды қамтамасыз ету үшін жылыжай кешендері мен сақтау қоймалары көбейтілуде. Қазіргі уақытта жалпы ауданы 85 га болатын 55 жылыжай, қуаттылығы 130 мың тонна болатын 71 сақтау қоймасы бар», - деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Биыл барлық егіс алқаптары 3 мың гектарға ұлғайып, 457 мың гектарды құрады.

Дереккөз: ortcom

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023