Жыл басынан бері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен 196 мыңға жуық адам қамтылды

2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына 195,9 мың қазақстандық қатысты.

Субсидияланатын жұмыс орындарына 103,9 мың адам орналастырылды. Оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарында 9,5 мың адам, жастар практикасында 6,3 мың адам, қоғамдық жұмыстарда 72,9 мың адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында 3,4 мың адам, «Ұрпақтар келісімшарты» жобасы аясында 90 адам, «Күміс жас» жобасы аясында 11,8 мың адам жұмыспен қамтылды.

Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша онлайн оқытумен 24,4 мың жұмыссыз қамтылды, оның ішінде 21,9 мыңы оқуды аяқтады.

Бұдан басқа, жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін 2024 жылы халықтың әлеуметтік осал санаттарына 400 АЕК (1 476 800 теңге) мөлшерінде 9 мың грант және жастарға жылдық мөлшерлемесі 2,5%-дық, сомасы 5 млн теңгеге дейінгі 5 796 жеңілдетілген микрокредит беру көзделген.(Дереккөз:ortcom)

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023