Жоғары Сот Кеңесі судьяларды іріктеу процестеріне цифрлық шешімдерді енгізуде

2027 жылдың соңына дейінгі цифрлық трансформация аясында судьяларды іріктеуге арналған меншікті ақпараттық жүйенің бес негізгі модулін әзірлеу аяқталды. Бұл туралы ҚР Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанат Оспанова ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында хабарлады.

«2026 жылдың екінші жартыжылдығында бос судьялық лауазымдарға жарияланатын конкурстарға қатысу үшін құжаттарды қабылдау жүйесін пилоттық режимде іске қосу жоспарланып отыр. Кейіннен осы цифрлық шешімдерді біліктілік емтиханын өткізу барысында да енгізу көзделуде», - деді спикер.

Жаңа жүйе конкурстық рәсімдердің мерзімін қысқартуға, процестердің едәуір бөлігін автоматтандыруға, адами фактордың ықпалын азайтуға және кадрлық шешімдердің ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

23
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023