"Жұлдызға алтын тақпаймын": Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қатысты сұраққа жауап берді

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қандай сыйлық жасайтыны туралы сөз қозғады.

Өнер иесінің оқырмандары үлкен келіні Жұлдызға не себепті қымбат сыйлық бермейтінін сұрады.

"Ұлы Қайратқа бренд сыйлады, келініне кішкентай пакет берді", "Жұлдыз бөлек тұрғасын, қатты жақын емес екен", "Ең бастысы, бәрінің бірге жүргеніне қуандым", "Жұлдыздың ата-анасы да осы шаңырақтан табылды", – деп жазды көпшілік.

Өз кезегінде продюсер Гүлзира Үсенқызы үлкен келіні Жұлдызға қандай сыйлық беретініне тоқталды.

"Жұлдызға алтын тақпаймын, тек бриллиант тағамын. Алау оқушы болғасын алтын жиынтығын бердім. Тапсырыс берген сыйлығым кешігіп келді. Жұлдыздың өзіне кейін салып жібердім. Ең қымбат әрі бренд сыйлық соныкі болған. Бір емес бірнеше рет сыйлық береміз. Оның бәрін сіздерге көрсете бермейміз. Біздің бас қосуымыз құдалық емес, тек бала-шағамен өзіміз жиналдық. Сыйлықтың үлкен кішісі жоқ, бәрі көңілде қара шәй берсең де шын ниетімен берген дұрыс. Бірақ мін іздеп, кір табу қанымызда бар ғой", – деп ашуланды продюсер.

89
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023