Жеті баласы бар Тараздық отбасы баспанасыз қалып, әділдік іздеп Қарашүкеевпен кездесуге келген.

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеевпен кездесу үшін Астанаға жеті балалы тұтас бір отбасы «Қазмедиа орталығы» ғимаратына келді. Жанайдар Қарабаев Тараз қаласындағы соттың заңсыздығына, прокурорлардың қысымына, үйлерін тартып алып жатқаны жайлы хабарлап отыр.

Жанайдар Қарабаевтың айтуы бойынша, 2022 жылдың 3 шілдесінде өзінің ол жол апатына ұшырап, іс материалдарына сәйкес, өзін кінәлі деп санамаса да, кінәлі болып шықты. Оның айтуынша, жол апаты кезінде ол қозғалыссыз бағдаршамда тұрған,дәл сол мезетте оған басқа көлік келіп соғылған.

“Мен бұрылмадым. Менде басты жол бөлігі болды. Бірақ мен оны дәлелдей алмадым. Сол кезде маған сақтандыру құжатына қол қойып жатқанымды айтты, алайда дәл сол кезде мен жол апатына кінәлі екенімді мойындаған қағазға қол қойдым. Құжатпен танысып отыруға жағдайым болмады, себебі бұл оқыс оқиға болды, сол кезде анам қатты ауырып қалды, олар маған бұл қағазды кешке қарай келді. Қағазға қарамай қол қойдым. Сотта өз кінәмді мойындағанымды білдім”, – дейді Жанайдар Қарабаев.

Судья Рамазанованың шешімімен Қарабаевқа алты миллион теңге айыппұл салынды.

“Екінші көліктің жүргізушісі Абдуллин жол-көлік оқиғасына кінәлі болса да, бұл іс бойынша жауапқа тартылмаған. Автотехникалық сараптама жүргізілді. Сараптама нәтижесін судья есепке алмаған. Жеті баланың көп балалы әкесі болғаныма қарамастан, маған алты миллион теңге айыппұл салынды. Жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен жолаушы қолын сындырып алғанымен, сотта түрлі емханаларда жарақат алып, емделгенін, құжат түріндегі айғақтарды көрсетпеді. Судьяның шешіміне наразы болып, аппеляциялық шағым түсірдім, бірақ жеңіліп қалдым. Судьяның шешімі мен сот-атқару актісі бойынша бұл айыппұл «Отбасы банкі» депозитінен өндірілді. Бұл көп балалы отбасыма үй алу үшін жинаған ақшам болатын.Бұл туралы маған хабарланған жоқ», - дейді Қарабаев.

Осыдан кейін Жанайдар Қарабаев Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашүкеевке әділдік іздеп барып, тіпті кездесуге де жазылды. Қарашүкеев жағдайды түсіну үшін кездесуге «Отбасы банкінің» директорын шақырды. Алайда, «Отбасы банкі» өкілінің айтуынша, бұл сот шешімі болғандықтан, олар ештеңе істей алмайды.

Одан кейін Қарабаев бір аптадан бері қабылдауға жазылуға келген Жамбыл облысының прокурорына жүгінеді. Ақыры "31 арна" телевидениенің араласуының арқасында жолықты. Алайда Жанайдар Қарабаевпен болған оқиға ақыры телеарнаға шықпады. Осы жағдайдан кейін, көпбалалы әкенің айтуы бойынша, Тараз қаласының прокурорлары, атап айтқанда, аға прокурор Данияр Құттыбаев қысым көрсете бастады.

“Менің үйіме Құттыбаевтың адамдары келді. Олар Данияр Құттыбаевқа үш күн ішінде 1,5 миллион теңге салсам, ақша «Отбасы банкіндегі» депозитіме қайтарылатынын айтты. Бірақ ондай ақшаны қайдан табамын?”- деп Қарабаев шарасыз жағдайға тап болды. Қарабаевтің айтуынша, «Отбасы банк» ипотекаға алған үйінің ақшасын төлеуді сұрап отыр. Бұл үшін 10 күн беріп, осы уақыт ішінде 7 миллион теңгені қайтармаған жағдайда, үйді тартып алмақшы. Демек, жеті бала тәрбиелеп отырған отбасы шатырсыз қалуы мүмкін. Отбасының Астанада жүргеніне сегіз күн болды. Олар Бас прокуратурада болып, мәжіліс депутаты Гауһар Танашевамен кездесіп, алғашында Facebook желісінде хат жазды.

9
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023