"Әжем қызғанып өтті": Айнұр Тұрсынбаева көпшілікке анасын көрсетті

Айтыскер ақын анасының туған күнін дүркіретіп өткізді

Психолог-коучтың анасы 68 жасқа толды.

"Мені 9 ай 10 күн көтеріп, тар құрсағын кеңітіп, тас емшегін жібітіп тапқан анам – осы кісі. Аты – Манат. Мен қазақтың менталитетімен шешемді "шешем" демеген адаммын. Әлі күнге атымен айтамын. Бірақ іштей жақсы көремін, жүрегім елжірейді, іздеймін. Марқұм әжем өле-өлгенше бөлектеп, қызғанып өтті. Маған деген шексіз махаббатын солай көрсетті", – деп жазды Айнұр.

Одан кейін айтыскер ақын анасын жақын күндері қажылыққа апаратынын да айтты.

"Аллахтың қалауымен анамыз 68 жасқа толып жатыр. Аллах бұл кісіні сүйеді. Себебі отбасынан да, балаларынан да тек жақсылық көріп отыр. 11 немересінің сүйікті әжесі. Аллах анамызға иман байлығын нәсіп етсе екен, ауырмаса екен деп дұғамнан тастамай отырамын. Ин ша Аллах бірге қажылыққа да баратын күн алыс емес. Маған ақылды сіңлілер, сабырлы бауыр туып бергенің үшін мың алғыс. Лайым, аналарымыз аман жүрсін", – деп жазды айтыскер ақын.

16
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023