Жамбыл облысында шағын және орта бизнесті қолдау қарқыны артып келеді

Өңір әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, бизнесті дамытуға 32,5 мың кәсіпкерге 289,8 млрд теңге несие берілді. Берілген несиелердің ішінен мемлекеттік бағдарламалар аясында 52 млрд теңгеге 1218 жоба іске асырылды. Нәтижесінде, шағын және орта бизнес субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 18,1%-ға артты, бұл 765 млрд теңге.

«Шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы қосылған құны 348 млрд теңгені, ЖӨӨ-дегі үлесі – 22,5% құрады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Өңірде шағын және орта бизнесті дамыту үшін жалпы ауданы 40 мың шаршы метр өндірістік жайлары бар шағын өнеркәсіптік аймақтар құрылды.

191
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023