Жамбыл облысында 655 шақырымнан астам канал жөнделді

Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында Жамбыл облысында 655 шақырымнан астам канал жөнделіп, 46 ұңғыма қайта бұрғыланады. 2024-2025 жылдар аралығында облыста тағы 200 шақырымға жуық каналды реконструкциялау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, биыл 128 шақырым болатын 14 каналды бетонмен қаптау жұмысын бастау көзделуде, деп хабарлайды ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі.

Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен Қордай ауданындағы Қайнар ауылында 3 800 га суармалы алқапты сумен жабдықтауды ұлғайту үшін қысымды су құбыры салынып жатыр. Жоба қосымша секундына 1 текше метр су алуға мүмкіндік береді. Бұл жергілікті шаруаларды суармалы сумен қамту мәселесін толық шешу үшін қажет.

«Жамбыл облысында жүзеге асырып жатқан барлық жобалар суармалы алқаптардың көлемін ұлғайтуға, суды тиімді пайдалануға және су беру сапасын жақсартуға бағытталған. Сол себепті құрылыс жұмыстарын мерзімінен кешіктірмей әрі сапалы аяқтау керек», – деді Нұржан Нұржігітов.(Дереккөз:ortcom)

15
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023