ҚР Халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында дүниеден өтті.
Марқұмның жұбайы Бағдат жеке парақшасында жан тебірентерлік жазба жариялады.
"Асылымның тұяғы, әкесінің ізбасары, кіші Асекең бүгін 18 жас – кәмелетке толды. Балапаным, өмір жасың ұзақ болсын. Алланың назарында бол, балам. Асқар тау әкең сенің жігіт болғаныңа, ат жалын тартып мінгеніңді аңсайтын... Армандарың орындалсын. Әкеңнің әруағы әрдайым қолдасын", – деп жазды Бағдат Әшімова.
Айта кетейік, актердің жары өмір мен өлімнің арасы қас-қағым сәт екенін айтып, жан жарына деген сағынышы мен қайғысын жеткізген еді.
"Өмір мен өлім арасы қас қағым сәт екен. 23 жыл, бір ай, үш күн бірге өмір сүрген Құдай қосқан қосағымнан үш минутта айырылып қалуым ауыр соққы болды. Адамның айтқаны орындалмайды, Алланың қалауына ешкім қарсы тұра алмайды. Жан-жарымды қанша қимасам да, ел болып, жұрт болып ақтық сапарға шығарып салдыңыздар. Қайғы бөліссе азаяды деп, көңіл білдіріп, жұбату айтқан баршаңызға бас иемін", – деген еді марқұмның жары.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023