«ОРТАЛЫҚ» өндіруші кәсіпорны» ЖШС құрамындағы «Жалпақ» кенішінде алғашқы іске қосу кешені пайдалануға берілді. Бұл нысан кәсіпорынның өндірістік әлеуетін кеңейтуге бағытталған жобаның алғашқы кезеңін құрайды.
Кешеннің жылдық өндірістік қуаты 500 тонна уранға есептелген. Жоба аясында өндірістік инфрақұрылымды одан әрі кезең-кезеңімен дамыту көзделіп отыр. Жұмыстар толық аяқталғаннан кейін жерүсті қайта өңдеу кешенінің жобалық қуаты жылына 900 тонна уранға дейін ұлғаяды.
Нысанды іске қосу рәсіміне Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары Ғұмар Серғазин, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры Қуаныш Омарбеков, «ОРТАЛЫҚ» өндіруші кәсіпорны» ЖШС бас директоры Айдын Бейсенбеков және кәсіпорын қызметкерлері қатысты.
Іс-шара барысында Ғұмар Серғазин уран өндіру саласындағы кәсіпорындардың өндірістік мүмкіндіктерін арттыру және жаңа кен орындарын игеру Қазақстанның минералдық-шикізат базасын нығайтуда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
««Жалпақ» кенішін дамытудың жаңа кезеңі кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерін арттырып, Қазақстан Республикасының атом саласын дамытуға үлес қосатынына сенімдімін», — деді Ғұмар Серғазин.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023