ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенованың айтуынша, балалардың бос уақытын өткізуге арналған ұйымдарға бірыңғай базалық санитариялық-эпидемилогиялық талаптар қойылады.
«Спорт саласындағы мониторинг ҚР Мәдениет және спорт министрінің №120 бұйрығымен, мәдениет саласында №122 бұйрығымен, ал қосымша білім беру жүйесінде ҚР Оқу-ағарту министрінің №381 және ҚР Деснаулық сақтау министрінің №76 бұйрығымен бекітілген санитариялық қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады. Барлық талаптар осы төрт бұйрықта нақты көрсетілген. Мәселен, үй-жайлардың тазалығын сақтау, желдету жүйесінің болуы, санитариялық тораптарға қолжетімділік секілді шарттар бар. Спорт секцияларында міндетті түрде душ болуы керек. Осы талаптар сақталған жағдайда ғана ваучер беріледі», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023