"Өзге тілді төрге шығармаймын": Жанар Айжанова қазақ тіліне қатысты пікір білдірді

Әнші Жанар Айжанова қазақ тіліне қатысты жазба жариялады.

Өнер өкілі жеке парақшасында тілдің мәртебесін көтерді.

"Шымшық сойса да, қасапшы сойсын" деген қазақтың қызымын. Не істесе де, жолын білетін, ретін білетін, болашағын көретін маманның істегені маңызды. Мен әнші ретінде қазақ тілінде ән саламын, дәстүрлі қазақ әнін ұмыттырмауға, жаңғыртуға барымды саламын. Мен актриса ретінде тек қазақтілді жобаларға қатысып, қазақша мазмұнды байытуға қосыламын. Мен ана ретінде бала-шаға, немере-шөберемді қазақша тәрбиелеймін. Барлық салт-дәстүрді ұстанамын. Отбасымда өзге тілді төрге шығармаймын", – деп жазды әнші.

Одан кейін өнер иесі көпшілікті арандатуға ермеуге шақырды.

"Құдай қандай рөл берсе де, сол қызметімді әуелі өзім мен ұрпағым үшін қазақ тілінде жасап жатырмын. Одан артық болмасам, кем болған жоқпын. Сондықтан әркім өзінен бастағаны дұрыс. Дәл қазір арандатуға ат салысуға болмайды. Әркім өз жұмысын білсе, өз жолын тапса, әділдікке қызмет етсе - еліміздің болашағы да жарқын болады", – деп жазды Айжанова.

11
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023