Қазақстандық театр мен кино актері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Анатолий Креженчуков 76 жасына қараған шағында дүниеден озды.
Қаралы хабарды М.Лермонтов атындағы ұлттық орыс драма театрының ұжымы хабарлады.
"Театрымыздың ардагері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Анатолий Креженчуков қайтыс болды. Әріптесіміз ұзақ уақыт бойы ауырды. Бірақ оның ішкі күйі мен өмірге деген құштарлығы ауруын жеңеді деп ойладық. Соңғы сәтке дейін үміттендік... Өкінішке орай, адамның әлеуеті шексіз емес», – деп жазды театр ұжымы.
Анатолий Николаевич Креженчуков 1950 жылы 4 наурызда Алматы қаласында туған. Құрманғазы атындағы Өнер институтының театр факультетін бітірген (1973), театр және кино актері. 1973 жылдан бері - М.Ю. Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023