Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрі, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Руслан Рүстемов, Мәжіліс депутаты Мархабат Жайымбетов, аталған комиссияның мүшелері, белгілі қоғам қайраткерлері, өңірлерден келген делегациялар, еңбек ардагерлері, мәслихат депутаттары, көп балалы аналар, ұстаздар, облыстың зиялы қауымы, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты, деп хабарлайды Қызылорда облысының әкімдігі.
Өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаев форум жұмысына сәттілік тілеп, қоғамдағы аналардың рөлін ерекше атап өтті.
«Бүгінгі форум Ұлттық комиссиямен бірлесіп ұйымдастырылды. Мақсаты – үйдегі берекені сақтаушы, қоғамдық-саяси үдерістерге белсенді қатысушы әйел-ананы ардақтау, ерекше мәртебесін құрметтеу сияқты мызғымас дәстүрлі құндылықтардың төңірегіне қоғамды топтастыру. Ұлы Даланың ұлы аналарының ізгі жолын дәріптеп, жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру. Өткеннің тағылымын жаңа дәуірдің талабымен сабақтастырып, бүгінгі қазақ әйелінің үлгілі бейнесін қалыптастыру», – деді әкім.(Дереккөз:ortcom)
Іс-шарада ҚР Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева әйел-аналардың ел дамуы мен өркендеуіне қосқан зор үлесін атап өтті. Олардың қоғамдағы орнын, құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін айтты. Бүгінде отбасы және гендерлік теңдік институтын дамытудың қазақстандық моделі айқындалған 2030 жылға дейінгі Тұжырымдаманы іске асыру жалғасуда. Мемлекет басшысы белгілеген басымдықтарға сәйкес, оның қызметі әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғаудағы өзекті мәселелерді пысықтауға шоғырланған.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023