Қызылорда облысындағы суармалы жүйелерді қалпына келтіру жөніндегі жол картасы әзірленді

Бұл жұмыс Су ресурстары және ирригация министрлігімен бірге жүзеге асырылды. Оның аясында облыста тасқын суларды жинақтау, суармалы суды бөлу мен есепке алу процестерін автоматтандыру арқылы ирригациялық инфрақұрылымды қайта құру мен жаңғырту шаралары жүргізілуде.

«Заманауи суды бөлу мен есепке алу жүйелерін енгізу үшін халықаралық компанияларды тартудамыз. Сырдария өзені мен Арал теңізіне қатысты жағдай қашан да өзекті. Соңғы 12 жылда Солтүстік Арал теңізінің суы 6,8 млрд текше метрге азайып кетті. Сондай-ақ 4,6 млрд теңгеге «Көкарал бөгетін сақтап қалу» жобасы іске асырылуда», - деді Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.(Дереккөз:ortcom)

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023