Ербол Оспановтың айтуынша, бүгінде медицина саласында бірқатар өзекті мәселелер бар. Оларды шешу мақсатында алты бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бірінші, денсаулық сақтау саласы ресурстарының қолданыстағы ақпараттық жүйелерін модернизациялау. Екінші, жалпы медициналық ақпараттық жүйелерді жетілдіру, заманға сай талаптарға келтіру. Үшінші, азаматтардың медициналық деректерін бір дерекқорға жинау.
«Сондай-ақ медициналық ұйымдарға көрсетілген көмек ақысын сапалы және уақтылы төлеуді қамтамасыз ету. Маңызды бағыттардың бірі – интеграция және денсаулық сақтау саласының бірыңғай порталын енгізу», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігінде 17 мемлекеттік және 20 астам жеке меншік ақпараттық жүйе қолданылуда.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023