Вегетация кезеңі: 7,5 млрд текше метр су пайдаланылды

Вегетациялық кезеңдегі негізгі жүктеме дәстүрлі түрде суармалы егіншілік дамыған бес оңтүстік өңірге тиесілі. 20 шілдедегі жағдай бойынша жасалған шарттарға сәйкес 1 млн га жуық алқапқа 10,7 млрд метр су алу жоспарланған. Қазіргі уақытта нақты 7,5 млрд текше метр су алынып, 710 мың га алқап суарылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы Сейілбек Нұрымбетов хабарлады.

«Қызылорда облысында 2,5 млрд текше метр су алынып, 117 мың га алқап суарылды. Түркістан облысында 2,9 млрд текше метр су алынып, 289 мың га алқап суарылды, Алматы облысында 1 млрд текше метр су алынып, 120 мың га алқап суарылды, Жетісу облысында 782 млн текше метр су алынып, 136 мың га алқап суарылды. Жамбыл облысында 322 млн текше метр су алынып, 48 мың га алқап суарылды. Қалған 11 өңір бойынша шамамен 200 мың га алқапты суару үшін 500 млн текше метр су алу жоспарланған», - деді спикер баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, барлық өңірлерде су беру бекітілген кестелерге және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылып жатыр.

18
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023