Елді мекендерде су айдау және қар шығару, су бұру арналарын, арықтарды тазарту жұмыстары жалғасуда, су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізілуде.
Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ТЖМ Төтенше жағдайларды жою департаментінің бастығының м.а. Жомарт Асқаров хабарлады. Елді мекендерді су басудан қорғау Әлеуметтік-экономикалық дамудың кешенді жоспарлары мен Өңірлерді дамыту жоспарлары, облыстық инженерлік жұмыстар жоспарлары, сондай-ақ су тасқынына қарсы іс-шаралардың Жол картасы шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл өзінің тиімділігін көрсетті.
«Аталған бағдарламалық құжаттар шеңберінде су тасқыны қаупі бар елді мекендер мен тұрғын үйлерді қорғауды қамтитын 800-ден астам іс-шара аяқталды. Жыл басынан бері 64 шақырым уақытша бөгеттер және елді мекендердің айналасында 52 шақырымнан астам қорғандар салынды. Каналдар мен арықтар, автомобиль және темір жол астындағы су өткізу құрылыстары тазартылды. Инертті материалдар мен қапшықтар дайындалды. Су тасқыны мүмкін болған жағдайда халықты қабылдайтын 3 031 пункт және ауыл шаруашылығы жануарларын орналастыру учаскелері дайындалды, маршруттар нақтыланып, арнайы көліктер анықталды», - деді спикер баспасөз конференциясында.(Дереккөз:ortcom)
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023