Туризмге тартылған инвестиция көлемі 33%-ға артты

ҚР Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұрбол Байжанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында туризм саласына тартылған инвестициялар бойынша ресми статистикалық деректерге тоқталды.

«Биыл бұл көрсеткішті 1,5 трлн теңгеге жеткізу жоспарланып отыр. Ол үшін инвестициялық жобалар пулы қалыптастырылды. Жобалар бойынша мониторинг жүргізіліп, қажет болған жағдайда жеке сүйемелдеу шаралары жүзеге асырылады. Қазіргі таңда пулда 328 инвестициялық жоба бар. Осы жобаларды іске асыру туристік салада 10 мыңға жуық жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», – деді спикер баспасөз конференциясы барысында.

2025 жылы аталған салаға 1 трлн 256 млрд теңге көлемінде инвестиция тартылды. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 33%-ға артық.

8
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023