"Туабіткен әкім ғой": Эстрада жұлдыздары Қызылорда облысы әкімінің мақтауын асырды

Айта кетейік, Қызылордада өткен V Ұлттық Құрылтай кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшысы Нәлібаевты мақтаған еді.

"Қызылорда қаласында әлеуметтік салада жақсы жаңалық көп. Үш жылда осы аймақта 34 білім беру, 5 мәдениет және спорт нысаны салынды. Оған қоса, 40 медицина нысаны ашылды. Менің тапсырмаммен Қызылордада 300 орынға арналған көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Көп ұзамай 500 орындық емхана және 200 орындық перзентхана салынады. Бір сөзбен айтқанда Қызылорда облысы барлық салада қарқынды дамып келеді. Облыстың жағдайы жақсы деп күмәнсіз айтуға болады. Бұл облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың белсенді, табанды жұмысының нәтижесі», – деді президент.

Белгілі қызылордалық кәсіпкер, арт-директор Әділет Байнашев жеке парақшасында әншілердің әкімді мақтаған видеосын жариялады.

"Мен сырттан келген қонақтарды өте көп күтемін. Барлығы қаламыздың қарқынды дамып жатқанына таңғалады. Сізге рақмет, Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаев! Біз айтпасақ та Тоқаевтың сөзі бәріне дәлел", – деп жазды кәсіпкер.

Сондай-ақ мегажұлдыз хитмен Қайрат Нұртас қаланың көркейіп кеткенін айтқан. Әріптесі Мадина Сәдуақасова сөзіне қолдау білдірді.

«Қызылорда қатты жайнап кетті. Нұрлыбек Машбекұлы Қызылорданы жайнатып жіберген», — дейді хитмен.

Видеоның үзіндісінен Тоқтар Серіковтің әкімді мақтай жөнелгенін көруге болады.

"Аэропортты заманға сай соғыпты. Туабіткен әкім ғой. Өз елін, жерін сүйетін әкім болса, сол ғой», – деді Тоқтар Серіков.

70
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023