ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жөніндегі басқарманың бастығы Ақмарал Серікбаева биыл қаңтар айында ел аумағында өткізілген «Тұрмыс» жедел-профилактикалық іс-шарасы айтарлықтай нәтиже бергенін атап өтті.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы өтініштер саны өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 22%-ға, ауыр қылмыстар, оның ішінде тұрмыс саласындағы кісі өлтіру 6,7%-ға, денсаулыққа ауыр зиян келтіру жағдайлары – 12%-ға, ал орташа ауырлықтағы зиян келтіру 67%-ға азайды», - деді спикер.
Оның мәліметінше, жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңға жуық хабарлама келіп түседі. Олардың барлығы бойынша ден қою шаралары қабылданады.
«Ағымдағы жылдың қаңтар айында 10 мың дебошир әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 2700 қамауға алынды, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 25%-ға жоғары. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау мақсатында полиция қызметкерлері 10 мыңға жуық қорғау нұсқамасын шығарды», – деді полиция подполковнигі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023