Бес жылда 6 мың шақырымнан астам жол құрылыс-жөндеуден өтіп, жергілікті маңызы бар жолдардың нормативтік үлесі 71%-дан 92%-ға дейін жетті.
Биыл 2 мың шақырымға жуық жолға құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2025 жылы нормативтік жолдар үлесін 95%-ға жеткізу жоспарлануда.
«Осы жылдың 25 қарашасында «Дарбаза – Мақтаарал» теміржол құрылысы басталды. Бұл жоба Қазақстанның көлік әлеуетін дамытуға бағытталған. Жобаны іске асыру қолданыстағы Сарыағаш – Ташкент учаскесінен жүк ағынын қайта бағдарлауға, Сарыағаш станциясы жүктемесін түсіруге және осы бағытта экспорттық жүктерді тасымалдауды ұлғайтуға мүмкіндік беретін болады», - деді Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Дереккөз: ortcom
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023