Түркістан облысында жеті жылға сотталған Ұлыбритания азаматы ақталды. Ағылшын азаматына шекарадан тыйым салынған заттарды ап өтпекші болған деген айып тағылған болатын.
Дереккөз:abai.kz
Сарыағаш ауданында орналасқан "Жібек жолы" бекетінде Ұлыбритания азаматы Повнер Джонсон Өзбекстаннан Қазақстанға өту үшін келген. Шекарадағы тексеру кезінде ағылшын азаматының әмиянынан тыйым салынған психотропты зат табылды деп айып тағылған. Сарыағаш аудандық соты ұлыбританиялықты кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кескен.
"Осы құқық бұзушылық үшін Сарыағаш аудандық сотының үкімімен Повнер-Джонсон Зак Карл Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 286-бабы 2-бөлігінің 5-тармағында көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды",- деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Сотталған ағылшын азаматы мен оның адвокаты сот үкімімен келіспей, апелляциялық шағым берді.
"Атап айтқанда күдіктінің әмиянын онымен бірге шекарадан өткен куәдан Н.А. алып қою және осы әмиянды күдіктіге П.-Дж. табыстау әрекетінде құқықтарының бұзылғанын, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерін білмегендіктен, П.Дж.-ға сотқа дейінгі іс жүргізу барысында өзінің ана тілі ағылшын тіліне және іс жүргізу құжаттарының аудармаларына тең құқылы аударма құқығынан шектелгені анықталған", - деп мәлімдеді сот баспасөз қызметі.
Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың айыптау үкімі жойылып, сотталушыны ақтау жөнінде жаңа үкім шығарылды.
"Сонымен қатар сот алқасы шекара қызметкерлерінің іс әрекетін тексеру жөнінде жеке қаулы қабылдады. Жеке қаулыға сай Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы қызметтік тексеру жүргізіп, қабылданған шаралар жөнінде бір ай ішінде сотқа хабарлау тиіс",- делінген хабарламада.
Дереккөз:nur.kz
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023