Түркістан облысында туризм саласын дамыту үшін 3 негізгі бағыт айқындалды

Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында облыс әкімі Дархан Сатыбалды хабарлады.

Экологиялық туризм бағыты бойынша табиғи аумақтарға келушілер саны 2 есеге артқан. Жалпы, 99 демалыс орны, 62 қонақ үй, 12 шипажай орналасқан, 30 туристік маршрут құрылды. Емдік-сауықтыру туризмі бағытымен облыста 72 емдеу-сауықтыру орны жұмыс істейді. 142 мың адамға қызмет көрсетілді. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 21%-ға артық. Биыл қосымша 3 емдеу-сауықтыру кешенін пайдалануға беру жоспарлануда. Тарихи-танымдық туризм бағыты бойынша жыл басынан өңірге біркүндік келушілер саны 868 мың адамды құрады.

«Қазіргі таңда Түркістан қаласында нөмірлік қоры 2,5 мың төсек-орындық 58 орналастыру орны жұмыс істейді. Қосымша 5 қонақ үйдің құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар туристік нысандарды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мақсатында жалпы құны 34,4 млрд теңгені құрайтын 10 жоба іске асырылуда», - деді облыс басшысы.

Дереккөз: ortcom

6
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023