Түркістан облысында 114 мың гектар жерге су үнемдеу технологиялары енгізілді

Су үнемдеу технологиясы ағын суды 2 есе үнемдеумен қатар, өнімділікті 3 есеге арттырады. 2025 жылға дейін су үнемдеу технологиясы 55 мың гектарға енгізілді. Биыл қосымша 59 мың гектар жерде су үнемдеу технологиясы пайдаланылып, жалпы көлемі 114 мың гектарға жеткізілмек.

«Алдағы 5 жылда су үнемдеу технологиясын қосымша 250 мың гектарға енгізу жоспарланып отыр. Суару технологияларының қол жетімділігін арттыру бағытында 4 кәсіпорын іске қосылды, тағы екеуі келесі жылы ашылады. Нәтижесінде, 148 мың гектарға су үнемдеу технологиясымен қамтамасыз ету мүмкін болады. Осы кәсіпорындар есебінен су үнемдеу технологияларымен облыс және көршілес өңірлер толық қамтамасыз етіледі», - деді өңір әкімі Нұралхан Көшеров ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

194
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023