Бұл туралы Variety ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Аватардың” үшінші бөлімі қаңтар бойы көш бастап келді. Енді ол екінші орынға түсті. Өйткені демалыс күндері фильм 7 миллион доллар (3,5 миллиард теңге) жинаса, Бекмамбетовтың “Мейірім” картинасы Солтүстік Америкадағы алғашқы көрсетілімінде 11,2 миллион доллар (5,5 миллиард теңге) табыс тапты.
Режиссер Тимур Бекмамбетовтің «Мейірім» фильмі өткен демалыс күндері Америка кассасында Джеймс Кэмеронның «Аватар: От пен күл» фильмінен асып түсті. Фильм Солтүстік Америкадағы алғашқы демалыс күндері 11,2 миллион доллар жинады. Осы күндері АҚШ-та бұрын-соңды болмаған қатты аяз болып, боран соққан еді. "Техастан Мэнге дейінгі 37 штатта суық температура, қатты жел және қарлы боран туралы ескертулер жарияланды. Көп қалада кинотеатрлар жабылды. Соған қарамастан кассаны жақсы жинады", – делінген мақалада.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023