"Тілім ұзарып, мойнына дейін келдім": Экс-жайдарманшы Айбек Байназаров пойызда бейтаныс қызға тиіскенін айтып, халықтан сөз естіді

Жайдарманшы кезінде танымал болған "Көз тимесін" командасының ойыншысы.

Жайдарманшы Дархан Оспановтың «Шәй әңгіме» подкасында «Көз тимесін» командасының мүшелері Айбек Байназаров, Дәнекер Оразбаев, Ерлан Айтбаев және актриса Гүлбахрам Ахат қонақ боп келді.

Айбек Байназаров жас күнінде пойыздағы бейтаныс қызға тиіскенін жайып салды.

"Бұрын пойыздағы купелерде әдемі қыздар отыратын. Сызылып, сұлу болып көрінетін. Жас кезіміз, ішімдікке құмармыз. Бір күні пойызда келе жатамын. Купеге келдім. Іші қараңғы екен. Сөйтіп жоғарыға барып жатам. Айдың жарығымен анау қыз алма болып жатыр. Жарты сағат қарап тұрам. Ой деген кетіп жатыр. Астыға түсем де, мойнына дейін келем. Тілім ұзарып кеткен. Қасына барсам, ол да біліп жатыр екен. "Болмайды" дегендей ыммен басын шайқайды. Содан артқа қарай кетіп қалдым да, бірден жатып ұйықтап қалдым», – деп еске алды экс-жайдарманшы.

Әзіл әлемінің өкілінің сөзі желі қолданушыларының ашуына тиді.

"Мынау не әңгіме? Біреудің тиіскенін сезініп көрмеген қыз жоқ шығар", "Қаншама жас балалар көреді, үлгі алатын әңгіме емес", "Қызға тиіскендерін мақтанышпен айтып отыр", – деп жазды көпшілік.

Одан кейін жайдарманшы Дархан Оспанов көпшіліктен кешірім сұрады.

"Құрметті аналар, әпкелер, қарындастар! Қыз өсіріп отырған әке ретінде, адам ретінде, еліміздің азаматы ретінде мен зорлық зомбылықтың кез келген түріне қарсымын! Түсірілім және монтаж кезінде оқиғаның соншалықты қорқынышты контекстін байқамай қалғаным үшін басымды иіп кешірім сұраймын. Видеода күліп отырғанымды еш нәрсемен ақтауға келмейді, себебі бұл жағдай күлкілі емес, керісінше өте қорқынышты. Бұл норма емес! Аталған оқиға 20 жыл бұрын болса да, қоғамда бұл әлі де өзекті мәселе", – деп жазды подкаст авторы.

Фото: Айбек Байназаровтың жеке парақшасынан скриншот

37
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023