"Түбінен кесіп тастамау керек": Нұрлан имам жынысын ауыстыратын адамдарға қатысты пікір білдірді

Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы "ALQA" радиосының эфирінде "Еркек адам шариғат бойынша мүшесін ауыстыруға бола ма? Оған қандай жаза бар?" деген сұраққа жауап берді.

"Сіздің танысыңыз немесе туысқаныңыз ауыстырайын деп жатыр ма?! Негізі ол автобөлшек емес қой ауыстыратын. Камаз камаз болып, танк танк болып, трактор трактор болып қалуы керек. Велосипед ешқашан трактор бола алмайды. Тура сол сияқты әр нәрсе өз орнында қалу керек. Алла тағала еркек қылып жаратты ма, еркек болып қалу керек. Енді қазір заман ауысып, адамдар өзгеріп жатыр. Егер ауыстыратын болса, ми ауыстырған дұрысырақ, жеңілірек болатын шығар. Сана берсін. Біздің қазаққа мұндай дүние келмейді деп едік. Біздің де етіміз үйреніп бара жатыр. Негізі жақсы нәрсе емес, харам. Оған жаза беріп, түбінен кесіп тастамау керек. Тиіспеу керек, тұрған нәрсе тұрсын", – деп жауап берген.

Желі қолданушылары имамның пікіріне қолдау білдіріп жатыр.

"Нұрлан имамның сабырлығына тәнтімін. Кейде миыңа кірмейтін сұрақ келеді екен", "Қоғамда ми тоқтап қалған адамдарды көріп жүрмін, соның біреуі екен мынау сұрақ қойып жатқан", "Тұрған нәрсе тұрсын" дегені өтіп кетті", "Қоғамның азғындалуы осы болса керек", – деп жазды көпшілік.

139
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023