Ақтөбе облысында жаңа оңалту орталығы ашылды

Ақтөбеде ашылған мекеме жыл сайын 125 ерекше баланы ақысыз қабылдайды. Нысан заман талабына сай озық құрал-жабдықтармен қамтылған, деп хабарлайды Ақтөбе облысының әкімдігі.

Орталықты Республика күні қарсаңында Ақтөбе облысының әкімдігі, «Самұрық-Қазына» қоры «Қазақстан халқына» және «Қамқорлық» қорларымен бірлесе іске қосты.

«Міне, ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында, менталды бұзушылықтары бар балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мемлекеттік мекеме ашып отырмыз. Облыста 18 жасқа дейінгі менталды бұзушылықтары бар 635 мүгедек бала есепте тұр. Бүгін ашылатын орталықтың мамандары балалар мен олардың отбасыларына нәтижелі көмек алуға жағдайлар жасайды. Жыл сайын 50-ден 100 балаға дейін кешенді қызметтер көрсетіледі», — өңір басшысы Асхат Шахаров.

14
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023