Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Ақтөбе облысында «Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу» туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Primeminister.kz.
Жобаның инвесторы – «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС. Жаңа өндірістік кешенге салынған инвестициялардың жалпы көлемі 41,9 млрд теңгені, жобалық қуаттылығы жылына 280 млн литр өнімді құрайды.
Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқарудың экологиялық таза жүйелері бар озық технологиялармен жабдықталмақ. Бұл зауыттың еліміздің тұрақты өнеркәсіптік экожүйесіне интеграциялануын қамтамасыз етеді.
Жобаны жүзеге асыру өңірде 120-дан астам жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.
Зауыттың құрылысы 2026 жылы басталады.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023