Ағымдағы жылғы 09 желтоқсан күні Балқаш қаласындағы Абай және Абдугалиев көшесіндегі жылу желісінің құбырына зақым келіп, 6 сағат ішінде түн мезгілінде қалпына келтірілді.
Екібастұз қаласында қазіргі таңда 8 қазандық жұмыс істеп тұр, жылу беруде іркіліс болған жоқ.
Ақтау қаласындағы 11а ықшамауданында жылу желісі зақымдалған, қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары аяқталуда.
Айта кетейік, бұл қалаларда орын алған оқиғалар технологиялық бұзушылықтар ретінде сипатталады. Ең бастысы тұтынушыларға жылу беруді тоқтатуға жол берілмеді.
Биыл еліміздегі барлық энергия көздерін тұрақты жылумен қамтамасыз ету бойынша бұрын-соңды болмаған ауқымды жұмыстар атқарылды. Осының арқасында жылумен жабдықтау бойынша үлкен апаттардың алды алуға шаралар қабылданды.
ҚР Энергетика министрлігі энергетикалық нысандарды пайдалану мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдармен тығыз байланыста және жағдайды қадағалауында ұстап отыр.
Дереккөз: ҚР Энергетика Министрлігі
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023