Тасқын сулар табиғи көлдерге және лиманды суару жүйелеріне жіберіліп жатыр

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева атап өткендей, жыл басынан бері Балқаш көлінің су деңгейі орта есеппен 15 см көтерілді. Егер 1 қаңтарда көлдің орташа су деңгейі 159 см болса, қазір бұл көрсеткіш 174 см-ге жетті.

«Биыл трансшекаралық Іле өзенінен үлкен көлемде су келгенін айта кеткен жөн. Осының нәтижесінде Қапшағай су қоймасынан Балқаш көліне шамамен 2 текше шақырымнан астам су жіберуге мүмкіндік туды», - деді спикер. (Дереккөз:ortcom)

6
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023