Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, “Құрмет” орденінің иегері, актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлы 76 жасқа қараған шағында өмірден озды.
Қаралы хабарды Мәдениет және ақпарат министрлігі жеткізді.
"ҚР Мәдениет және ақпарат министрлигі актер, режиссер Балтабай Сейітмамытұлының өмірден озуына байланысты отбасы мен жақын туыстарына, туған халқына қайғыра көңіл айтады. Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан Балтабай Сейітмамытұлының жарқын бейнесі, шығармашылық мұрасы мен ғибратты ғұмыр жолы халқымыздың жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Марқұмның жаны жәннатта, иманы саламат, топырағы торқа болсын!"" – делінген хабарламада.
Марқұм, Балтабай Сейітмамытұлы 1950 жылы 11 сәуірде Алматы облысы Жамбыл ауданының Қастек ауылында дүниеге келген.
Ол I.Есенберлиннің “Ғашықтар” (Амантай), Е. Ерубаевтың “Менің құрдастарым” (Рахмет), С. Жүнісовтың “Жаралы гүлдер” (Военком), А.П. Чеховтың “Шағала” (Тригорин), Ш. Мұртазаның “Бесеудің хаты” (Иванов), У. Шекспирдің “Даулы түнгі думан” (Тизей), М. Әуезовтың “Абай” (Айдар) спектакльдерінде ойнады.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023