Су тасқынына қарсы күрес: 7,9 млн текше метрден астам еріген су тартылды

Су тасқыны жағдайы туралы ОКҚ баспасөз орталығында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Сайпаш Ерасыл жедел ақпарат берді.

Оның деректері бойынша Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында 3358 жеке тұрғын үй, 326 аула аумағы және 2089 саяжай үйлері су астында қалып отыр.

ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күшімен 7,9 млн текше метрден астам еріген су тартылды, 1 млн астам қапшық құм және 1 мың тонна инертті материал төселді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 18 мыңға жуық адам, 3,5 мыңға жуық техника, 9 әуе кемесі жұмылдырылды.

«Еліміздің 9 өңірінде Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ұлытау, Ақмола, Қарағанды, Атырау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жергілікті ауқымдағы 29 ТЖ әрекет етеді. 20 өңірде республикалық және облыстық жедел штабтар жұмыс істейді», - деп баяндады спикер.(Дереккөз:ortcom)

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023