Су саласы мамандарына көрсетілетін әлеуметтік қолдау шаралары артты

Жұмысшы мамандықтары жылы аясында несиелік бағдарламаласы бойынша су саласының мамандарына тиімді шарттармен баспана алуға мүмкіндік берілді. Бұл секторды дамытуға елеулі үлес қосқан қызметкерлерге, гидротехниктерге, мелиораторларға «Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері» деген атақ берілетін болады.

ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі Ғылым және инновациялар департаментінің директоры Ләззат Жүсіпова ОКҚ алаңында сала мамандарына көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдау шаралары жайында айтты.

«Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы су саласына қатысты мамандықтармен толықтырылған. Сондай-ақ ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарды әлеуметтік қолдау үшін көтерме жәрдемақы бюджеттік несие 7,8 млн теңгеге дейін өсті», - деді спикер.

23
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023