Сүт өнімдерін өндіру бойынша СҚО алдыңғы орынды көш бастап тұр

Өңір әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов басты міндет еңбек өнімділігін ұлғайту және ауыл шаруашылығын жаңғырту екендігін атап өтті. Бұған инвестиция тарту арқылы қол жеткізілмек.

«Республика бойынша ауыл шаруашылығына ең көп инвестиция тартқан біздің облыс. Өңірде инвестиция көлемі 80 млрд теңгеден асатын 27 жоба іске асуда. Оның ішінде құс фабрикалары, қой фермалары, көкөніс қоймасы, жылыжайлар және суармалы жерлер бар. Осының арқасында, өңір халқының құс етіне, маусымаралық кезеңде көкөніске қажеттілігі 100%-ға қамтамасыз етіледі, қосымша сүт өндірісі ұлғаяды. Біздің өңір дайын сүт өнімдерін өндіру бойынша көш бастап тұр немесе республика бойынша өндірістің 23% біздің облыстың үлесінде. Өңірде «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы жеңілдетілген несие беріліп, ірі жобалар қолға алынды. Бүгінгі таңда пилоттық жоба республика бойынша жүзеге асырылуда. Қазір облыс бойынша 12 мың басқа арналған 13 сүт фермасы салынып жатыр. Оның алтауы жыл соңына дейін ашылады», - деді аймақ басшысы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.(Дереккөз: ortcom)

5
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023