2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша қала экономикасы 12%-ға өскен. Оның ішінде, тартылған инвестиция көлемі 9%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі 27%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер аумағы 42%-ға, сауда көлемі 19%-ға, көлік қызметі 26%-ға, өнеркәсіп өндірісі 2%-ға артқан. Бұл туралы ОКҚ көшпелі баспасөз конференциясы барысында Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков мәлімдеді.
«Өңдеу өнеркәсібін ұлғайтып, еңбек өнімділігін арттыру мақсатында биыл құны 78,2 млрд теңгені құрайтын 16 жобаның 12-сі іске қосылып, 67,1 млрд теңгеге инвестиция тартылды. Онда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды», - деді спикер.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023