ШҚО-да суармалы және егістік жерлер аумағын 30 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарлануда

«Қазақстан Президенті халыққа Жолдауында су ресурстарын ұтымды пайдалануға ерекше назар аударды. Шығыс Қазақстанда республика су айдындарының 40% шоғырланған. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін өнімділікті арттырудың негізгі факторы су болып табылады. Келесі жылдан бастап аймақтағы ірі Үйдене мен Қандысу су қоймаларын қайта жаңарту басталады, сондай-ақ Зайсан ауданындағы Кендірлік өзенінде су қоймасын салу жоспарлануда. Сонымен қатар суару арналары жөнделеді», - деді өңір әкімі Ермек Көшербаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, нәтижесінде суармалы және егістік жерлердің көлемі 30 мың гектарға дейін ұлғайтылып, 830 шаруа және шаруа қожалықтары суармалы сумен қамтамасыз етіледі.

Дереккөз: ortcom

7
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023