Марқұм актердің жары жеке парақшасында жазба жариялады.
Бағдат Әшімова осындан 25 жыл бұрынғы фотоларын көрсетті.
"Сағыныш. Жүрек сыздайды. Жарқын жүзін сағындым. Алла пейіш төрінен орын бер", – деп жазды актердің жары.
Желі қолданушылары аңыз адамның артында қалған жақындарына қолдау білдіріп, жарына басу айтты.
"Сабыр берсін. Артында ұлы қалды, сол демеу болсын", "Шүкір етуді ұмытпа", "Алла сізге күш-қуат берсін", "Жүректі елжіреткен сағыныш… Қайғыңызға ортақпыз", "Тас түскен жеріне ауыр", – деп жазды көпшілік.
Еске салайық, Асанәлі Әшімов 2025 жылдың 21 желтоқсанында 88 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі атанған өнер майталманы ұлттық театр мен кино өнерінің өркендеуіне үлес қосты.
Фото: Бағдат Әшімованың жеке парақшасынан алынды.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023