Эстрада жұлдызы әйелдерді жинап, курс өткізбек. Өзі әйелдерді іріктеп алатынын жасырмады.
"Қыз-келіншектерді іріктеп алып, бір ай шамасында бірнеше рет кездесіп, әдемі әйел жамағатын құрғым келеді. Ол жерде тәніміздің, табиғатымыздың сұлулығын ашатын әңгіме айтамыз. Бәлкім, топтық консультация түрінде өтіп қалар. Одан кейін тыныс алу, созылу, би билеу сияқты практикалармен жалғасатын керемет кездесулер өткізгім келеді. Бұл әзірге тек ниет ретінде бар. Сіздер қалай ойлайсыздар? Осы жерге келгенде әйелдер шабыт алып, жақсы энергия алатын кездесулер өткізсем деймін", – деп жазды Жолдыбаева.
Желі қолданушылары әншінің "жамағат"сөзін хейтке айналдырды.
Ақша жасаудың жолы", "Жамағат деген сөзіне күлгендер біргеміз", "Өзі не істеп жүргенін білмей жүрген сияқты", "Әркім өз жолын өзі таңдайды", "Ақша табуды үйретсеңіз дұрыс болар еді", "Бағасы тек байларға арналған болса, бізге мүмкіндік жоқ қой", – деп жазды көпшілік.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023