Ақан Сатаев пен Альмира Тұрсын қызды болды

Актриса қуанышты жаңалықты жеке парақшасында жариялады.

Белгілі режиссер Ақан Сатаев екінші некесінен қызды болды.

"Айя-Сафия қызымыз дүниеге келді. Менің арманым. Менің дұғам. Жаратқаннан келген сыйлық. Аллаға сансыз шүкір", – деп жазды Альмира.

Айта кетейік, режиссер Ақан Сатаев бұрынғы әйелі, актриса Назира Бақаевамен 25 жылдық некеден кейінгі ажырасып кеткен еді. Экс-жұбайы актриса Альмира Тұрсынның қатысы бар екенін айтып, сұхбат берген еді.

Алайда, кино режиссері пікірді жоққа шығарып, ажырасуға Альмира Тұрсынның ешқандай қатысы жоқ екенін айтты. Режиссер бұрынғы некесі ресми түрде бұзылғаннан кейін, араға бес жыл уақыт салып Альмира Тұрсынға үйленгенін жасырмады.

Фото: Жеке парақшадан алынды.

35
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023