Сапалы ауыз су, елді мекендерді газдандыру – Жетісуда қандай жобалар жүзеге асырылып жатырОблыс әкімі Бейбіт Исабаев атап өткендей, 358 елді мекеннің 323-і орталықтандырылған сумен қамтылған.

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев атап өткендей, 358 елді мекеннің 323-і орталықтандырылған сумен қамтылған.

«Жыл соңына қарай 2 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылады, облыстың тағы 15 елді мекенінде ауыз судың сапасы жақсарады», - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Қазіргі кезде газдандыруға жататын 193 елді мекеннің 26-сы, Талдықорған қаласын қоса алғанда 298 мың адам газға қол жеткізді, оның ішінде 16 ауыл облыс құрылғаннан кейін газдандырылды.

«2023 жылдың соңына дейін тағы 18 елді мекен газға қосылады. 2029 жылдың соңына қарай Кербұлақ ауданынан Талдықорғанға дейінгі барлық елді мекендер газдандырылады. Соның нәтижесінде 500 мыңнан астам тұрғын немесе жалпы халықтың 72% газға қол жеткізеді. Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарын газдандыру үшін «Талдықорған – Үшарал» магистралды газ құбыры құрылысының ЖСҚ-сы әзірленді. 2028 жылға қарай 124 мыңға жуық тұрғыны бар тағы 66 елді мекенді газдандырамыз», - деді әкім.

Дереккөз: ortcom

4
Контакты

Главный редактор: Мадина Жатканбаева

+7 777 471 71 40

777kakon@mail.ru

Мы в социальных сетях

© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023