ҚР қаржы вице-министрі Ержан Біржанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында салықтық әкімшілендірудің сервистік моделі енгізіліп жатқанын айтты.
«Әр кезеңде біз кеңес беруге қатысты шараларды қарастырдық. Арнаулы салық режимдері, сондай-ақ жеке тұлғалардың кірістер мен мүлік туралы декларацияны тапсыру бөлігінде салық декларациясын алдын ала толтыру іске асырылуда. Яғни, алғашқы есеп беру кезеңінде салық төлеушіге қателіктер жібермеуге көмектесеміз», - деді спикер.
Оның айтуынша, салықтарды бухгалтерлердің қосымша консультациялық қызметтерінсіз оңай төлеу үшін әртүрлі қызметтер де қарастырылған. Сонымен қатар, ҚҚС төлеушіні тіркеу кезінде Digital ID (Face ID) арқылы басшының аутентификациясынан өту енгізілді, бұл жалған ҚҚС төлеушілерді тіркеу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023