4 қаңтар күні өнер иесі мен жұбайы арасында жанжалға қатысты ақпарат тараған еді.
Өнер иесі жолдасымен азаматтық некеде тұрған. Әншінің жағдайын блогер Вадим Раневский жеке парақшасында жариялады. Сөзінше, Маржан Арапбаеваның жолдасы 10 күнге қамауға алынған.
"Тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты тағы бір іс қоғам назарын аударды. Полицияның мәліметінше, танымал әнші Маржан Арапбаеваның күйеуі Ербол Нұрмұханбетов оған күш қолданып, ұрып-соғып, шашын жұлып алған. Полиция департаменті оның ұсақ бұзақылық жасады деген айыппен 10 күнге қамауға алды. Оқиға тұрғын үйдің ауласында болған. Сонымен қатар, дене жарақатын келтіруге қатысты бөлек шағым түсірілді. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу басталды. Сотталушының мінез-құлқы ерекше циникалық болғанына қарамастан іс-әрекеті үшін жазасын алуы керек деп ойлаймын. Басқаларға сабақ болуы керек", – деп жазды блогер.
Сондай-ақ, өнер иесінің досы әншінің жағдайын да айтып өтті.
"Маржанды қолдағым келеді. Күшті, талантты, жанып тұрған әйел. Бірақ бүгінде оның жаны ауырып отыр", – деді Вадим.
Главный редактор: Мадина Жатканбаева
+7 777 471 71 40
777kakon@mail.ru
© Свидетельство о постановке на учет периодического печатного издания, информационного агентства и сетевого издания №KZ15VPY00079493 выдано 19.10.2023